"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Набережная көшесін Алаш көшесіне;
Центральная көшесін Ұлытау көшесіне;
Садовая көшесін Тұран көшесіне;
Рощенская көшесін Баласағұн көшесіне.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айшабибі ауылдық | |
округінің әкімі | Д. Даулетов |