Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылындағы құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 61 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 маусымда № 5043 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Айшабибі ауылдық округінің Айшабибі ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Набережная көшесін Алаш көшесіне;

      Центральная көшесін Ұлытау көшесіне;

      Садовая көшесін Тұран көшесіне;

      Рощенская көшесін Баласағұн көшесіне.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Айшабибі ауылдық
      округінің әкімі Д. Даулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады