Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 30 қаңтардағы №80 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2503 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Меркі ауданының | |
әкімі | Ж. Баубеков |