"Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 30 қаңтардағы №80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 63 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 ақпанда № 4985 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 30 қаңтардағы №80 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2503 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Меркі ауданының
      әкімі Ж. Баубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады