Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Меркі аудандық мәслихатының "Меркі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақтау нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2019 жылғы 19 шілдедегі №49-4 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4284 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық | |
мәслихат төрағасы | М. Кокрекбаев |