Меркі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 49-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 шілдеде № 4284 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 6-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық маслихатының 28.07.2023 № 6-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меркі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Меркі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихатын сәулет және құрылыс, энергетиканы, көлікпен пен байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, жер ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж. Оспанова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы І. Ахметжанов

  Меркі аудандық мәслихатының
2019 жылғы "19" шілдедегі
№ 49-4 шешіміне 1 қосымша

Мерке ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары

Объект санатының атауы

Есеп бірлігі

1 есеп бірлігіне тиесілі м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,92
1,14

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,60

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,75

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,39

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,80

6

Емханалар

1 келіп кету

0,009

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,9

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,20

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,52

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,12

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м2

0,04

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,065

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,80

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,64

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,18

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,0,2

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,2

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1м2

0,55

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,25

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м2

0,19

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,15

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,2

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,48

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмы сорны

1,2

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м2

0,20

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,12

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және солсияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,1

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,09

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Меркі аудандық мәслихатының
2019 жылғы "19" шілдедегі
№ 49-4 шешіміне 2 қосымша

Меркі ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, кәдеге жаратуға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері

      Жинаудың және әкетудің өзіндік құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 773,36 теңге

      Көмудің өзіндік құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 459,41 тенге.

      Кәдеге жаратудың құны 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар – 73,12 тенге

      2019 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу (Айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге).

      1. Жайлы үй иелігі тұрғыны үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу

Атауы

теңге

1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкетуге, 1 м3

1.1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету 1 м3

773,36

1.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

1.3.

Қосылған құн салықсыз тариф

773,36

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму, 1 м3

2.1.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

422,86

2.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

2.3.

Барлығы

422,86

2.4.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (2 405 теңге*0,38*0,2*0,2)

36,55

2.5.

Тариф, қосылған құн салықсыз тариф

459,42

3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату тарифі 1 м3

3.1.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату

73,12

3.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

3.3.

Барлығы

73,12

3.4.

Қосылған құн салықсыз тариф

73,12

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму, айына 1 адамға тарифі

4.1.

Барлығы, тариф бойынша 1 м3 (стр.1.3. + стр. 2.5. + стр.3.4) теңге

1305,9

4.2.

1 адамға айына арналған тариф

100,12

      2. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің абоненттері үшін (жеке және заңды тұлғалар) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, жою және көму бойынша қызметтердің құнын есептеу.

Атауы

теңге

1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету1 м3

1.1.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету

733,36

1.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

1.3.

Тариф, қосылғанқұнсалықсыз

733,36

2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 м3

2.1.

1 м3тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

422,86

2.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

2.3.

Барлығы

422,86

2.4.

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 1м3 тұрмыстық қатты қалдықтар халықтан (2 405теңге*0,38*0,2)

182,78

2.5.

Тариф, қосылған құнсалықсыз

605,64

3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату бойынша1 м3тарифі

3.1.

Кәдеге жарату 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар

73,12

3.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

3.3.

Барлығы

73,12

3.4.

Қосылған құн салықсыз тариф

73,12

4. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату және көму1 м3 үшін

4.1.

Барлығы, тариф 1 м3 үшін (стр.1.3. + стр. 2.5. +стр.3) тенге

1412,12

      3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонда көму қызметінің құны.

      Айлық есептік көрсеткіш 2 405 тенге

Атауы

теңге

1 м3

1 тонна

1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тұрғындар үшін

1.1.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

422,86

2114,3

1.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

0,00

1.3.

Барлығы

422,86

2114,3

1.4.

Тұрғындар үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 1м3 ТҚҚ (2 405теңге*0,38*0,2*0,2)

36,55


1.5.

1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар тұрғындар үшін 1 тоннасы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ақы. 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар (2 405теңге*0,38*0,2)


182,78

1.6.

Барлығы

459,41

2297,08

1.7.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф барлығы

459,41

2297,08

2. Шаруашылық субьектілерден тұрмыстық қатты қалдықтарды көму

2.1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 м3

422,86

2114,3

2.2.

Рентабельділігі, 15%

0,00

0,00

2.3.

Барлығы

422,86

2114,3

2.4.

Тұрғындар үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 1м3 ТҚҚ (2 405теңге*0,38*0,2)

182,78


2.5.

Заңды тұлғалар үшін 1 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 1м3 (2 405 тенге*0,38)


913,9

2.6.

Барлығы

605,64

3028,2

2.7.

Барлығы, тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф

605,64

3028,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады