Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/47 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30103 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы атағын беру қағидаларында:
14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Атаққа ие болған тұлғаға облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы салтанатты түрде тапсырады.
Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне облыс (қала, аудан) әкімі мен тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |