Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/47 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 2/30 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 мамырда № 21-20 болып тіркелді

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/47 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидалары бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30103 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы атағын беру қағидаларында:

      14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Атаққа ие болған тұлғаға облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихат төрағасы салтанатты түрде тапсырады.

      Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне облыс (қала, аудан) әкімі мен тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады