Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25018 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешіміне қосымша |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№ | Атауы |
1. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. |
2. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар. |
3. | Толық емес отбасылар. |
4. | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары. |