Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 маусымда № 29-20 болып тіркелді

      Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25018 болып тіркелген), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 28
шешіміне қосымша
  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2021 жылғы 21 қазандағы
№ 118 шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы

1.

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

2.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

3.

Толық емес отбасылар.

4.

Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады