Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы № 118 шешіміне 2-қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 25.11.2024 № 161 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атауы |
1. | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
2. | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
3. | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
4. | Толық емес отбасылар |
5. | Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттік ұйымдарының қажетті мамандары |