Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қаражал қаласының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" № 163 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6129 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Мемлекеттік қызметшілерге келесі көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Т. Досаев |