Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қаражал қаласының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" № 163 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 58 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 34-20 болып тіркелді

      Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қаражал қаласының атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" № 163 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6129 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Мемлекеттік қызметшілерге келесі көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады