"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің "Талдықорған қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 1-63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2307 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қаласының әкімі | Е. Бәзіл |