Талдықорған қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы N 1-63 қаулысы, Алматы облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 28 ақпанда N 2307 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 784 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 19.10.2023 № 784 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27–баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" қаулысын сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайнарбеков Талғат Қанатовичке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Алпысов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Талдықорған қаласы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Ғалия Қалмұратқызы Шәріпова
      Талдықорған қаласының
      ішкі істер басқармасының
      бастығы Бақытберген Нұрақымұлы Бейсебаев
      "Талдықорған қаласының
      төтенше жағдайлар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Еркін Тыныштықұлы Қиялбеков

  Талдықорған қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
Талдықорған қаласы аумағында
көшпелі сауданы жүзеге асыру
үшін арнайы бөлінген орындар
белгілеу туралы" N 1-63 қаулысына
қосымша

Талдықорған қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындары:

      1. "Жетісу" шағын ауданында, N 4 және N 5 үйлерінің аралығы;

      2. "Жетісу" шағын ауданында, N 33 үйінің жанында;

      3. "Самал" шағын ауданында, N 8 және N 42 үйлерінің жанында;

      4. "9 алаң", N 27 үйдің жанында;

      5. Ескелді би көшесі, N 238 үйдің жанында;

      6. Ғали Орманов көшесі бойынша, N 49 және N 51 үйлердің аралығы;

      7. Өтенай селолық округінде, Тілек Әбжіәлиев көшесі бойынша, "Мәдениет үйі" жанында;

      8. Еркін селолық округінің, Сүлеев көшесі, N 68 үйдің жанында;

      9. "Мүшелтой" шағын ауданы, N 19 үйдің жанында;

      10. Чкалова көшесі мен Құдайбердиев көшелерінің қиылысында, "Спутник" дүкенінің жанында;

      11. Біржан Сал көшесі, N 66 үйдің жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады