Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 505 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24783 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Тынышбаев |