Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Ақсу ауданды әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы № 505 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 15 қазанда № 24783 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияла - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 11.09.2023 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспесіне өзгеріс енгізілді - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 28.02.2025 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияла - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 11.09.2023 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің орынбасары С. А. Кусмолдинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу ауданының әкімі Е. Базарханов

  2021 жылғы 11 қазандағы № 505 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 28.02.2025 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, (жыл)

1

Қапал ауылы, Аль- Фараби және М.Алыбаев көшелерінің қиылысында (оң жағында "Алатау" дүкені орналасқан)

90

"Алатау" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

2

Қызылағаш ауылы,
Жібек жолы көшесі №2А,

1120

жоқ

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

3

Қызылағаш ауылы, Жібек жолы көшесі №54, Қызылағаш су тасқыны құрбандарына арналған ескерткіштің сол жағында

2400

"Ырыс" дүкені

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5

4

Көлтабан ауылы, Тас жол көшесі, намазхана ғимаратының оң жағында

968

жоқ

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

5



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады