Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 505 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 309 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 13 қыркүйекте № 58-19 болып тіркелді

      Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қазандағы "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" № 505 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 24783 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:


      "Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:


      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.";

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Б. Тынышбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады