Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 58 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6256 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |