Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 58 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 6256 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 35 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар қосымша тегін берілсін:

      "Дюшен бұлшықет дистрофиясы" - "Этеплирсен", "Дефлазакорт" дәрілік заттары;

      "Жұлын бұлшықетінің атрофиясы" - "Нусинерсен" дәрілік заты;

      "Эпилепсия" - "Вигабатрин", "Сультиам", "Этосуксимид" дәрілік заттары;

      "Созылмалы миелолейкоз" - "Понатиниб" дәрілік заты;

      "Шашыраңқы склероз" - "Диметилфумарат" дәрілік заты.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Оспанова
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады