"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қарағанды облысы Балқаш қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №486 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін:
одан әрі есептік деректерден алып тастаумен Ақтоғай ауданының Торанғалық ауылдық округі, аумағы Балқаш қаласының әкімшілік бағынысына енгізіле отырып, таратылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
Облыстық мәслихат төрағасы | Н. Кобжанов |