Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 41/16 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 56 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 маусымда № 6462-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қарағанды облысы Балқаш қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №486 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      одан әрі есептік деректерден алып тастаумен Ақтоғай ауданының Торанғалық ауылдық округі, аумағы Балқаш қаласының әкімшілік бағынысына енгізіле отырып, таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады