Қарағанды облысы Балқаш қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 486 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының Балқаш қаласының шекарасын (шегін) Ақтоғай ауданы жерінің жалпы ауданы 8 744 гектар бөлігін Балқаш қаласының шекарасына (шегіне) қосу жолымен өзгерту туралы бірлескен "Қарағанды облысының Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 499 және Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 11/06 шешімі мен қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 486 қаулысына
қосымша

Қарағанды облысы Балқаш қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Ақтоғай ауданының жері бөліктерінің экспликациясы


Р/с №

 
Жерлердің атауы

Жалпы ауданы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы алқаптары ағаш көмкерген басқа да жерлер
егістік көп жылдық екпелер тыңайған жер жайылымдар
1 2 3 4 5 6 7 8 9

1

Балқаш қаласының бекітілген шекарасы (шегі)

591591

262

224

174

516678

-

74253

2

Балқаш қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің ауданы

8744

-

-

-

8487

-

257

3

Балқаш қаласының шекарасы (шегі)

600335

262

224

174

525165

-

74510


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады