Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 6493-09 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 2-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды қалалық мәслихатының 28.02.2024 № 137 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по городу Караганда

Решение Карагандинского городского маслихата от 27 сентября 2023 года № 102. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 29 сентября 2023 года № 6493-09.

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33110), Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев по городу Караганда в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья с 1 января по 31 декабря 2024 года включительно в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Карагандинского городского маслихата от 28.02.2024 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель А. Букенов