Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 "Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 137 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 наурызда № 6567-09 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 102 "Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады