"Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 571 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 34 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 маусымда № 6438-09 болып тіркелді

      Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 571 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6126 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы";

      2) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. 1,2 қосымшаларға сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санатының тізбесі айқындалсын.";

      3) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 15
маусымдағы
№ 34
Шешімге қосымша
  Саран қалалық
мәслихатының 2020
жылғы 8 желтоқсандағы
№ 571 шешімге
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1

Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

2

Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

3

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

4

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

5

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

6

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын адамдар (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 26830 тіркелген), (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

7

Жасы бойынша зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

8

Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

9

Қандастар

10

Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

11

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

12

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).

13

Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).


О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 8 декабря 2020 года № 571 "Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас"

Решение Саранского городского маслихата Карагандинской области от 15 июня 2023 года № 34. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 22 июня 2023 года № 6438-09

      Саранский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. В решение Саранского городского маслихата от 8 декабря 2020 года № 571 "Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6126) внести следующие изменения:

      1) заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас";

      2) пункт 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1. Определить размер и перечень категорий получателей жилищных сертификатов согласно приложениям 1,2.";

      3) приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Председатель Саранского городского маслихата О. Баймаганбетов

  Приложение к решению
Саранского городского
маслихата
от 15 июня 2023 года
№ 34
  Приложение 2
к решению Саранского
городского маслихата от 8
декабря 2020 года № 571

Перечень категорий получателей жилищных сертификатов

Наименование

1

Ветераны Великой Отечественной войны (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

2

Ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

3

Ветераны боевых действий на территории других государств (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

4

Лица с инвалидностью первой и второй групп (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

5

Семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

6

Лица, страдающие тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, утвержденных приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 февраля 2022 года № ҚР ДСМ-14 (зарегистрировано в государственном реестре нормативных правовых актов № 26830), (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

7

Пенсионеры по возрасту (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

8

Дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, не достигшие двадцати девяти лет, потерявшие родителей до совершеннолетия. При призыве таких лиц на воинскую службу возраст продлевается на срок прохождения воинской службы (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

9

Кандасы

10

Лица, лишившиеся жилища в результате экологических бедствий, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

11

Многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

12

Семьи лиц, погибших (умерших) при исполнении государственных или общественных обязанностей, воинской службы, при подготовке или осуществлении полета в космическое пространство, при спасании человеческой жизни, при охране правопорядка (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).

13

Неполные семьи (состоящие в очереди на получение жилья в местных исполнительных органах).