"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 10 қарашадағы №4-3/2370 хатын орындау үшін, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 1/02 "Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4586 тіркелген) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |