Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 17.05.2023 № 22/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "4" 01 № 1/02 қаулысына қосымша |
Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауда орындарының тізбесі
1. Қазақстан көшесі (№ 101/3 тұрғын емес ғимарат алдындағы алаң).
2. 40 лет Победы көшесі (№ 58 үй артындағы алаң).
3. Карл Маркс көшесі (№ 46 үй алдында).
4. Садовая көшесі (№ 58 үй аумағында).
5. Дзержинский көшесі (№ 4 тұрғын емес ғимарат аумағында).
6. Абай Құнанбаев даңғылы (№ 50 тұрғын емес ғимарат алдында).
7. Добровольский көшесі (Шахан кентінің Кеншілер мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң).
8. Торговая көшесі (№ 13 үй аумағында).