Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қаласында, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 324/9 шешімімен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).2. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 237/2 "Туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6376-09 тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |