ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 284/5 "Шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497-09 болып тіркелді) келесі өзгерту енгізілсін:
шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Шахтинск қаласында, Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшері болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.".
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы | Ж. Мамерханова |