Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 6 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1951 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереженің 13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Әли |