Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 тамыздағы № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 тамызда № 6476-09 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 6 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 20 қыркүйектегі №5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1951 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ереженің 13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады