Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII-11/86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25363 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй сертификаттары:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасының 3 тармағының 1 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |