Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 қарашадағы № VII-11/86 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада № 25363 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы"" Заңының 14-1 бабына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2021 жылғы 9 қарашадағы
№ VII - 11/86 шешіміне
қосымша

Қарқаралы аудан бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санатының тізбесі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Тұрғын үй сертификаттары:

      әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 14.09.2023 № VIII-9/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:

      1) Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірінің 2019 жылғы 29 наурыздағы "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 154 бұйрығы негізінде жасалған тиісті жылға Қарқаралы аудан бойынша кадрларға болжамды қажеттілікке сәйкес денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы еңбек қызметін жүзеге асыратын, сұранысқа ие мамандар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 14.09.2023 № VIII-9/69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады