"Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII 11/86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № VIII-9/69 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 қыркүйекте № 6482-09 болып тіркелді

      Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII-11/86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25363 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй сертификаттары:

      әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 3 тармағының 1 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы С. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады