"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген);
2) ""Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 133 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |