Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексінің 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5193 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 31 қазандағы № 164-165, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімінің қосымшасында:
8. "Дәрі-дәрмектік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау және дайындау үшін төлем ставкалары" бөлімі кестесінде:
"1. "Жалаң мия" жолында "200" деген сан "62" деген санға өзгертілсін;
"2. "Сұңғыла" жолында "1480 деген сан "600" деген санға өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 14 сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы |
Н. Байқадамов |