Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 5193 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 27.10.2023 № 57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Орман кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексінің 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары бекітілсін.

      2. "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 122 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4483 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 10 тамыздағы № 117-118 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының Қызылорда облыстық
      39 сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      Р. Байназарова А. Әлназарова
      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекетттік кірістер комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________С. Мұстафаев
2015 жылғы "16" қыркүйек
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министірлігі
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитетінің
Қызылорда облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________Ғ. Орақбаев
2015 жылғы "16" қыркүйек

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы " 16" қыркүйектегі № 301
шешіміне қосымша

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары

Атауы

Өлшем бірлігі

Төлем ставкасы (теңге) АЕК

Шөп шабу

1.

Шөп шабу

1 гектар

22,82

Мал жаю

1.

Түйе

1 бас-жылға

153,53

2.

Мүйізді ірі қара, жылқы

1 бас-жылға

122,82

3.

Ұсақ мал (қой)

1 бас-жылға

30,71

4.

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас-жылға

107,47

5.

Ірі қара малының жас төлі

1 бас-жылға

61,41

3. Омарталар мен ара ұяларын орналастыру

1.

Омарталар мен ара ұясын орналастыру үшін

1 ара ұясы-
жыл

32,6

4. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында
ұзақ мерзімге орман пайдалану

1.

Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін

1 гектар

8,44

5. Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттарында
қысқа мерзімге орман пайдалану

1.

Ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін

1 адам -күн

0,1
АЕК

6. Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында ұзақ
мерзімге орман пайдалану

1.

Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттары үшін

1 гектар

36,17

7. Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарында қысқа
мерзімге орман пайдалану

1.

Рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін

1 адам -күн

0,1
АЕК

8. Дәрі-дәрмектік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау және дайындау үшін төлем ставкалары

      Ескерту. 8-бөліміне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 14.07.2017 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Өсімдіктер атауы

Шикізат түрі

Шикізаттың шаруашылық
маңызы

Өлшем бірлігі (құрғақ күйінде)

Төлем ставкасы (теңге)

1.

Жалаң мия
 

тамырлар

дәрілік

1 килограмм

62

2.

Сұңғыла

тамырлар

дәрілік

1 килограмм
 

600

3.

Сасық кереуік

тамырлар

дәрілік

1 килограмм
 

921
 

4.

Қамыс

өзегі

техникалық

1 текше метр

180

5.

Ши

өзегі

техникалық

1 текше метр

180

      Ескерту: Қысқартылған атаудың мағынасын ашу: АЕК – Айлық есептік көрсеткіш.

      Бекітілген орман пайдалану үшін төлем ставкалары кемінде 3 жылда бір рет қайта қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады