Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінің 5, 9, 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Награда парағында үміткердің (ұжымның) нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының тиімділігі мен сапасы, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, наградалары және құрметті атақтары мен басқа да деректер мазмұндалады.
Награда парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен (бар болған жағдайда) бекітеді.";
"9. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі мен Жалағаш аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";
"11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Жалағаш ауданы әкімі немесе Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы | У. Елеусинов |