Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-7 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 5326 болып тіркелді.

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының ХLІХ мәслихатының
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Б. БЕКЖАНОВ К. СУЛЕЙМЕНОВ

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 49-7 шешімімен бекітілген

Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

      1. Осы Ереже “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтаудың тәртібі мен жағдайын реттейді.
      2. Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Құрмет грамотасы) ауданның алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, мемлекеттік және өзін-өзі басқару, әскери, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда, агроөнеркәсіп саласын дамытуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары мен ұйымдар наградталады.
      3. Құрмет грамотасымен:
      1) жеке тұлғаларды наградтауға ұсыныстар ауданның өкілді және атқарушы органдары, еңбек ұжымдары мен ұйымдары, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.
      2) заңды тұлғаларды наградтауға ұсыныстар ауданның өкілді және атқарушы органдарымен ұсынылады.
      4. Наградаға ұсыну үшін осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда парағы ұсынылады.

      5. Награда парағында үміткердің (ұжымның) нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының тиімділігі мен сапасы, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, наградалары және құрметті атақтары мен басқа да деректер мазмұндалады.

      Награда парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен (бар болған жағдайда) бекітеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 13-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Награда парағы мен ұжымның қолдаухаты “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.
      Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттарды алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірлеу үшін Жалағаш ауданы әкімі жанындағы марапаттау комиссиясына (әрі қарай - комиссия) жолданады.
      7. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, онда бұл ұсыныс қаралмайды.
      8. Құрмет грамотасымен наградталмайды:
      1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;
      2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар.
      9. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі мен Жалағаш аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 13-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Құрмет грамотасымен қайта наградтау он жылдан кейін ғана мүмкін болады.
      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Жалағаш ауданы әкімі немесе Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 27.12.2023 № 13-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған тұлғалардың есебін “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді.

  Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереженің қосымшасы
нысан

НАГРАДА ПАРАҒЫ

      1. Аты, әкесінің аты, тегі______________________________________________
      2 Қызметі, жұмыс орны, лауазымы, _____________________________________
      ____________________________________________________________________
      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы)
      3. Жынысы__________________________________________________________
      4. Туған жылы мен жері_______________________________________________
      5. Ұлты_____________________________________________________________
      6. Білімі_____________________________________________________________
      7. Ғылыми дәрежесі, атағы_____________________________________________
      8. Қандай мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған және марапатталған күні___________________________________________________
      9. Мекен-жайы_______________________________________________________
      10. Жалпы еңбек өтілі_________________________________________________
      11. Саладағы еңбек өтілі_______________________________________________
      12. Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі__________________________________
      13. Наградталушыға мінездеме, нақты сіңірген еңбектері көрсетіледі:
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Кандидатурасы_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________қаралды және мақұлданды.
      (кәсіпорын, мекеме, ұйым атауы, талқыланған күні, хаттаманың реттік саны)
      _____________________________________________________ ұсынылады.

  Мекеменің, ұйымның басшысы
  ____________________________(аты - жөні)
  __________________________
  (қолы)
  М.О.
  "___"_________________ жыл
  (толтырылған күні)

      Ескерту: наградталушының аты-жөні жеке куәлігі бойынша жазылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады