"Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13-4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қаңтарда № 8486-11 болып тіркелді

      Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жалағаш ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінің 5, 9, 11-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Награда парағында үміткердің (ұжымның) нақты сіңірген еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, жұмысының тиімділігі мен сапасы, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, наградалары және құрметті атақтары мен басқа да деректер мазмұндалады.

      Награда парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен (бар болған жағдайда) бекітеді.";

      "9. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі мен Жалағаш аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.";

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Жалағаш ауданы әкімі немесе Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы У. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады