Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 14 маусымдағы | |
№ 76 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем |
Субсидиялар сомасы |
1 | Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
1.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары |
| 38 947 | 11 100,0 |
1.2 | жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 23 810 |
| |
1.3 |
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 15 714 | 1 650,0 | |
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндрістің азықтары үшін) | 7 857 | |||
Барлығы: 17 750,0 | ||||
2 | Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
2.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін) |
| 4 000 | 1 000,0 |
2.2 |
жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы | 20 000 | 100,0 | |
2.3 |
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының | 666, 6 | 100, 0 | |
Барлығы: 1 200,0 | ||||
3 | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | дана | 2 | 1 000,0 |
Барлығы: 1 000,0 | ||||
4 | Дәрілік препараттарды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | тонна | 8, 0 | 40,0 |
Барлығы: 40,0 | ||||
5 | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстауды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
5.1 | бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | дарақ | 17 | 510,0 |
Барлығы: 510,0 | ||||
Жиынтығы: | 20 500,0 |