2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі және сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 76 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 маусымда № 4579-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 14 маусымдағы
  № 76 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

1

Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

1.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

 
килограмм

38 947

11 100,0

1.2

жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары

23 810

 
5 000,0

1.3

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
(отандық өндірістің азықтары үшін)

15 714

1 650,0

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндрістің азықтары үшін)

7 857

Барлығы: 17 750,0

2

Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

2.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін)

 
дана

4 000

1 000,0

2.2

жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы
(0,5-5 грамм)

20 000

100,0

2.3

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының
шабағы (30 граммға дейін)

666, 6

100, 0

Барлығы: 1 200,0

3

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

дана

2

1 000,0

Барлығы: 1 000,0

4

Дәрілік препараттарды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

тонна

8, 0

40,0

Барлығы: 40,0

5

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстауды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар

5.1

бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

дарақ

17

510,0

Барлығы: 510,0

Жиынтығы:



20 500,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады