ШЕШТІМ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№ 146 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№146 сайлау учаскесі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-22-45.
Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 "А", 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы