Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 3 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 4540-12 болып тіркелді.

      ШЕШТІМ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      № 146 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№146 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон: 8/72937/ 2-22-45.

      Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 "А", 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі К. Беков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады