Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түпқараған ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №22/133 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №31624 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нугманов |