Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Түпқараған ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 19/117 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №30813 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2.Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нугманов |