"Қазақстан Республикасының Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 3/19 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4572-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Билялов