Мұнайлы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 3/19 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 4572-12 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 30 қарашадағы 2023 жылғы № 8/53 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 30.11.2023 № 8/53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Б. Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады