"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29396 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |